Министр Қазақстандағы егін шығымының төмен болу себебін айтты

1749
Adyrna.kz Telegram

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 19 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында биылғы жиын-терім жайын талдады. Сонымен қатар, Қазақстандағы дәнді-дақылдар өнімділігінің төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Айдарбек Сапаров негізгі астық егетін өңірлердегі жаңбырдың жаууын алға тартып, салдары туралы айтып берді:

"Жаңбыр үш аптадан астам уақытқа созылды, бұл жаңа дақылдың астық сапасының төмендеуіне, астықтың өнуіне, жоғары ылғалдылық пен рефакцияға және дәнді дақылдардың төмен өнімділігіне әкелді. Айта кету керек, орташа өнімділік өткен жылғы деңгейден 2,7 ц/га төмен", - деп атап өтті министр.

Министрдің айтуынша, жұмыс комиссиялары барлық зардап шеккен аймақтарға барып, егін жинау жұмыстарының барысын талдаған.

"Егін жинау сапасының төмендігіне байланысты тұқыммен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болады. Осыған байланысты азық-түлік корпорациясы жұмыс істеп, тұқым қорын қалыптастыру мақсатында сараптама бастады. ҚТЖ астықты тасымалдауда уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуі қажет. Ұлттық газ операторы тарапынан астықты кептіруді жүзеге асыратын кәсіпорындарға газ беруді толық көлемде қамтамасыз еткен дұрыс", – деді Айдарбек Сапаров.

Жалпы, министрдің мәліметінше, ағымдағы жылы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау алаңы 17,3 млн гектар болған. Қазір республика бойынша 6,9 млн гектардан дәнді және дәнді-бұршақты дақыл (40%) жиналды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер