Қазақстан-Ресей шекарасындағы "қақтығыс" туралы жалған ақпараттың авторы ұсталды

1582
Adyrna.kz Telegram

Полицейлер Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы жанжал туралы жалған видеоның авторын ұстады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қостанай облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желіде Қостанай облысының шекарасында әскерилер арасында болған жанжалға қатысты түсініктеме жазылған әскери көлік колоннасының видеосы тарап кетті, белгілі болғандай, видео жалған болып шықты.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысының полиция басқармасының қызметкерлері 52 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қасақана әрекет жасағаны үшін кінәсін мойындады», - деді ПД.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы «Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті еске алып, азаматтарды ақпаратты таратпастан бұрын оның дұрыстығын тексеруге шақырды.

Полицейлер азаматтарға: «қауесеттерге бой алдырмау және нақты емес оқиғалардың айналасында дүрбелең туғызбау керек.», - деді.

 

Пікірлер