«Шегініп жатырмыз ба?..» Байден Украинаға қатысты мәлімдеме жасады

1093
Adyrna.kz Telegram
Фото: twitter.com/POTUS
Фото: twitter.com/POTUS

АҚШ президенті Джо Байден көмектің қысқаруы салдарынан Украина қақтығыстың қиын кезеңінде тұр деп мәлімдеді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, Байден Нью-Йорктегі қаражат жинау іс-шарасында Украинаның одақтастары Киевті тастап бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, Украина қақтығыстың қиын кезеңінде екенін баса айтты.

"Біз не істеп жатырмыз? Шегініп жатырмыз ба?" – деп ашуланды АҚШ басшысы.

Осыған орай, АҚШ Сенаты дүйсенбі күні шекара күзетін қамтамасыз ету, Украина мен Израильге көмек көрсету үшін ақша бөлуді біріктіретін заң жобасын ұсынды.

Сонымен қатр, жалпы заң жобасы 118,28 миллиард доллар бөлуді ұсынады, оның ішінде 60,06 миллиард доллар Киевті қолдауға арналған. Бұл ретте шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге одан үш есе аз – 20,2 миллиард доллар жұмсау жоспарлануда.

Ал АҚШ президенті заң жобасын қолдайтынын айтып, Конгрессі оны мүмкіндігінше тезірек қабылдауға шақырды.

Дегенмен, ұсынылған заң жобасы республикашыл саясаткерлердің қатаң сынына ұшырады. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бұл заң жобасына тек ақымақ немесе радикалды солшыл демократ дауыс береді деп пікір білдірді.

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон Киевке, Израильге көмек пен АҚШ-тың өз шекарасын қорғауды біріктіретін заң жобасы "күткеннен де нашар" болған және бастама сәтсіздікке ұшырайтынын айтты. 

Пікірлер