Павлодарда полицейлер дабыл құрылғыларының көмегімен баланы ауруханаға жеткізді

1179
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Павлодарда полицейлер дабыл құрылғыларын қосып, баланы ауруханаға жеткізуге көмектесті. Дәрігерлер сәбиді бірден жансақтау бөліміне жатқызды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Желтоқсанның 29-ы күні кешке Қамзин көшесінде патрульдік полицияға ер адам көлікте 2 жасар баланың уланып, көгере бастағанын жеткізген. Дабыл құрылғыларын іске қосқан полицейлер жедел түрде сәбиді облыстық балалар ауруханасына апарған. Дәрігердің қарауынан өткен бала жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Біз үшін басты міндет баланың өмірін сақтап қалу болды. Себебі ол кезде қала көшелері лық толы болғандықтан, әр секунд маңызды еді», - дейді Павлодар қалалық полиция басқарма қызметінің аға инспекторы Қазбек Сыздықов.

Ер адам көрсеткен көмегі үшін полицияға алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, жақында Шымкентте де дәл осындай жағдай орын болатын - ер адам автобус аялдамасында эпилепсия ұстамасымен ауырып, оған екі полиция қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер