СҚО-да мәслихат депутаты екі жыл ішінде 258 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

1036
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Павел Булаев екі жыл ішінде 258 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Алырна" ұлттық порталы.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Петропавл қаласы әкімдігінің «Тазалау, су бұру және су өткізу құрылыстары» ПВХ» МКҚК басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Тілеукенов.

Булаев депутаттық қызметінен басқа, «Дренаждық тазалау және су өткізгіш құрылыстар» ПВХ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы болып жұмыс істейді. Ол және оның орынбасары 2020-2022 жылдар аралығында еншілес кәсіпорындармен жаңбыр суының желілерін реконструкциялауға, сорғы станцияларын жөндеуге және арнайы техниканы жалға беру қызметін көрсетуге жалған келісім-шарттар жасасу арқылы жалпы сомасы 258 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Пікірлер