100 жылға жуықтаған. Алматы облысында балалар тозығы жеткен мектепте білім алуда

2911
Adyrna.kz Telegram
Фото: orda.kz
Фото: orda.kz

Алматы облысында балалар тозығы жеткен мектепте білім алуда дейді. Бұл туралы orda.kz порталы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпарат бойынша, ескі мектеп Алматы облысы Сарыбұлақ ауылында орналасқан. Тұрғындар 100 жылға жуықтаған ескі мектепке амалсыз балаларын беруде.

Мектепте асхана да, спорт залы да жоқ, сыныптар да тапшы. Апатты жағдайдағы ғимаратта 290 оқушы білім алып, алдағы күннің суығынан сақтанып отыр.

Ата-аналар билік биылдан бастап жаңа білім ошағын салуға кірісеміз деп уәде берді дейді. Алайда құрылыс әлі басталған жоқ. Өйткені қажетті құжаттар әлі дайын емес.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі апатты мектептер туралы Оқу-ағарту министрлігінің жауабын жариялаған едік. 

Пікірлер