Үскірік аяз қашан басылады? Синоптиктер жауап берді

2817
Adyrna.kz Telegram

Синоптиктер Қазақстанда 22, 23 және 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

"Қыс мезгілінің соңғы айы екеніне қарамастан, Қазақстан аумағынан үскірік аяз әлі кетпейді. Солтүстіктің салқын ағындары әсер еткен ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде әлі де тұрақтайды және желсіз ауа райы сақталады", - деп атап өтті метеорологтар.

Болжам бойынша, оңтүстік циклон Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс облыстарына әсер етіп, жаңбыр аралас қар жауып, желдің күшеюі мен боранды ауа райы күтіледі.

«Циклон оңтүстікте болғанымен, ол біздің аумаққа әзірге айтарлықтай жылу әкелмейді», - деп қорытындылады синоптиктер.

Пікірлер