Жұмыс істеп жүрген. Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат қаза тапты

2802
Adyrna.kz Telegram
Фото: nvdaily.ru
Фото: nvdaily.ru

 Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат қаза тапты.Бұл туралы Оңтүстік Кореялық БАҚ мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, оқиға 20 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25 шамасында болған. 

47 жастағы А. есімді Қазақстан азаматы Кимхэ қаласының Квандон ауданындағы 18-қабаттағы пәтердің төбесіне бояу жұмыстары үшін қорғаныс жолағын орнатып жатқан. Болжам бойынша, ол қауіпсіздік жолағын орнату үшін дренаждан өтіп бара жатқанда кертпеден құлап кеткен. Құлаған азамат бірден ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады, – делінген хабарламада. 

Ақпарат бойынша, Қазақстан азаматы заңсыз жұмыс істеп жүрген болуы мүмкін. Онымен бірге 50-ге жуық адам жұмыс істейді.

Кореяның Еңбек министрлігі жазатайым оқиғаның мән-жайын, соның ішінде "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы" заңның бұзылуын тексеріп жатыр. Ал полиция жұмыс орнындағы кісі өлтіру фактісіне тексеріс жүргізуде.

Пікірлер