Атырау облысында пәтер өртеніп, 2 бала қаза тапты

668
Adyrna.kz Telegram
Фото: Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Фото: Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Бүгін таңда Атырау облысында пәтер өртеніп,  2 бала қаза тапты. Бұл туралы Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәлімет бойынша, бүгін сағат 5:37-де Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекенжайдағы 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады.

«Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 жылы туған және 2017 жылы туған балалардың денелері табылды. Сондай-ақ 1995 жылы туған Н.С. есімді анасы және 1994 жылы туған ер адам ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жедел жәрдем қызметкерлерімен жеткізілді», – делінген хабарламада.

Өрт сағат 6:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды.

Сонымен қатар, өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс істеп жатыр.

Пікірлер