Ақтөбеде автобустағы жолаушыны ұрып, терезеден секіріп кеткен ер адам ұсталды (ВИДЕО)

2387
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде ер адамның автобус жолаушысын жұдырықпен ұрып, ашық терезеден қашып кеткен видеосы тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жәбірленушінің әйелі келеңсіз жағдайдың 22 қыркүйек күні Ақтөбедегі №15 автобуста болғанын айтты.

Қалалық полиция департаменті оқиғаға түсініктеме берді.

40 жастағы күдікті ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол кінәсін мойындап, өз әрекеті үшін кешірім сұрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,—деді басқарма.

<

Пікірлер