Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі тұрғындарға үндеу жасады

1627
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Instagram желісіндегі парақшасында тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Президенттің жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалдым. Маған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен сенім білдіріп отыр. Қолдау танытқан мәслихат депутаттарына алғыс айтамын. Мен бар тәжірибемді, білімім мен күш-жігерімді Президент жүктеген міндеттерді орындауға, облыс экономикасын дамытуға және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға жұмсайтын боламын. Сіздермен бірлесіп атқарған жұмыстың жемісті болатынына сенімдімін»,—деді ол.

Облыс басшысы Петропавл қаласы, аудандар әкімдері және басқарма басшыларымен жедел кеңес өткізгенін атап өтті.

«Біздің алдымызда облысымыздың экономикасын одан әрі дамыту міндеті тұр. Жиын барысында басшыларға астық жинау науқанын уақытылы өткізіп, жылыту маусымына баса назар аударуды тапсырдым. Сондай-ақ өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды аяқтау, бюджет қаражатын игеру және инвестиция тарту мәселелері де ерекше бақылауда»,—деді әкім.

Пікірлер