Әскерге жарамды 3,5 мыңға жуық ресейлік Германиядан баспана сұраған

1719
Adyrna.kz Telegram

Ресей Украинаға басып кіргелі бері әскерге жарамды 3,5 мыңға жуық ресейлік Германиядан баспана сұраған. Олардың ішінде 90-ға жуық азаматтың өтініші қанағаттандырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі RND медиаға сілтеме жасап.

Көші-қон және босқындар ісі жөніндегі федералдық басқармасының айтуынша, осы уақытқа дейін 1500-ден астам өтініш бойынша шешім қабылдаған.

Шамамен 1100 өтінішке қатысты шешім Дублин келісіміне сәйкес шығарылған. Оған сай босқын мәртебесін беру процесіне Еуроодақ жауапты.

Пікірлер