Сарайшықтан ортағасырлық құнды жәдігерлер табылды

1515
Adyrna.kz Telegram
Фото: AtyrauPress
Фото: AtyrauPress

Атырау облысында Сарайшық қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде орта ғасырда салынған үйлердің қабырғалары мен басқа да құнды жәдігерлер табылды. Бұл туралы AtyrauPress жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпарат бойынша, Атырау облыстық өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Ерлан Тілекқабылов қазба жұмыстары 4 қыркүйекте басталғанын айтты.

Археологиялық қазба жұмыстары барысында орта ғасырлық үйлердің қабырғалары, тандыр пеш орындары, қыш ыдыс түрлері, сүйек бұйымдар, орта ғасырлық монеталар табылды. Бүгінгі күнге дейін  800 шаршы метрге жуық алаңда қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Экспедиция құрамында облыстық өлкетану музейі қызметкерлерімен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелген ауыл тұрғындары да бар. Барлығы - 30 адам. Алдағы уақытта олардың қатары артады. Әзірге табылған жәдігерлрге ғылыми қорытынды жасалған жоқ, - деді Е.Тілекқабылов. 

Пікірлер