«Мен қызметтік міндетімді орындадым». Атырауда полиция бөлімінің қызметкерлері марапатталады

2037
Adyrna.kz Telegram
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Атырау облысының Құрманғазы полиция бөлімінің Шарон өзенінде мұз астына түсіп кеткен екі адамды судан шығарған қызметкерлеріне сыйақы беріледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «24KZ» басылымына сілтеме жасап.

Мұзды суда әйел адам мен оны құтқаруға тырысқан ер адам болған. Полицейлер оқиға орнына уақытында келді.

«Мен қызметтік міндетімді орындадым. Бұл әрекетімді ерлік деп санамаймын. Қызметім ішкі салада болғанмен, біздің мақсатымыз ортақ», - дейді полицейлердің бірі Роман Насихан.

«Бұл қызметкерлер бір минутқа да өздері туралы ойламайтын адалдық пен батылдықтың мысалы. Қауіп-қатерге қарамастан, олар көмекке келді. Суға батып бара жатқан адамдарды құтқарған жеті полицейді Департамент басшылығы марапатқа ұсынғысы келеді – тиісті ұсыныс ішкі істер министрлігіне жіберіледі», - деп атап өтті облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Әділхан Байдосов.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын полиция қызметкерлері мен 1996 жылы туған азамат мұзды суға түсіп кеткен 1959 жылғы әйелді, содан кейін көмекке келген ер адамды жағаға алып шыққан болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер