Желіде зымыран қалдығының суреті тарады. Ресми орын үнсіз

1666
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook
Фото: Facebook

Атырау облысындағы Сүйіндік ауылының маңында малшы зымыран снарядын тауып алды. Бұл туралы журналист Диас Нұрақын Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Атыраудың даласына зымыран құлапты. Оқтұмсық Сүйіндік ауылының тұсына түскен. Оны мал бағып жүрген қойшы тауып алыпты. Екі шақырым қиыс кеткенде бүтін бір ауылды жарып жібергендей екен. Бірақ бұл ракетаның қайдан ұшқаны, кімге бағытталғаны белгісіз. Әскери полигон емес жайылым жерге құлағаны да қорқынышты екен. Бір анығы Сүйіндік ауылы Ресеймен шекаралас жатыр. Сондықтан зымыран теріскейдегі көршілер жақтан келді деген болжам бар. Бірақ оның ақ-қарасын ҚР Қорғаныс министрлігі айтпай отыр”, деп жазды ол.

Пікірлер