Халықаралық іздеуде жүрген. Алаяқтық бойынша сотталып қашқан адам ұсталды

1588
Adyrna.kz Telegram

Алаяқтық үшін сотталушы Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Дархан Дүйсембайға сілтеме жасап.

Украинаның Әділет министрлігі қазақстандық соттың үкімін орындаудан жалтарған азамат М.-ны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

«Сот 2017 жылы бұл азаматты аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты түрде бас бостандығынан айырды. 2019 жылы жазасын өтеуден жалтару мақсатында азамат М., оған сот белгілеген шектеулерді бұзып, із-түссіз жоғалып, іздеу жарияланды», — делінген Бас прокуратураның ресми өкілінің хабарламасында.

Ресми мәлімет бойынша, ағымдағы жылдың тамыз айында іздеуде жүрген азаматты Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстаған.

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы елшіліктерінің көмегімен азамат М.-ны елімізге экстрадициялау жүргізілді, қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілінің хабарламасында.

Бұған дейін 9 жыл бойы халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланған болатын. Ол құрылыс компанияларынан 1 миллиард теңгеге жуық қаражатты, оның ішінде аурухана құрылысына арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген.

Пікірлер