Талдықорғанда қызды кескілеп тастаған жігіттің ісіне қатысы бар полицейлер жазаланды

1887
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғандық полицейлер пышақталған қыздың ісі бойынша жазаланды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

"Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде Талдықорған қалалық ІІБ-нің бес қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге ​​жатпайды», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін «Не молчи» қоры полицейлерге оқырмандарының біріне жасалған сұмдық жайт туралы баяндаған болатын. Талдықорғанда 35 жастағы ер азамат бұрынғы ара-қатынастағы қызын кеңсе пышағын тілгілеп тастаған болатын.

"Өзіңіз елестетіп көріңізші: сізді отадан шығарып, дәлізде қалдырып кетеді, өзіңіз әлі наркоздан айықпағансыз. Ал сізді көтеріп, бөлімшеге жауап алу үшін алып кетеді. Бұл бассыздық қой. #НеМолчи қоры іске қатысы бар барлық қызметкерлерден жауап талап етеді. Осы эпизод бойынша жауапкершілікке тартылсын Біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми жауабын күтеміз», - делінген қор хабарламасында.

Алайда Жетісу облыстық полиция департаменті қордың бұл айыптауларын жоққа шығарды.

Еске сала кетейік, желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Жігіт қызға шабуыл жасап, оны пышақпен кескілеп тастаған. Кейін жігіттің бір-екі күннен кейін үйқамаққа шығарылып, «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі болды. Алайда, қоғамдық наразылықтан кейін ол қамауға алынып, іс «кісі өлтіруге оқталу» деп өзгертілді.

Пікірлер