Зардап шеккендер бар. Ташкенттегі қоймада жойқын жарылыс болды

2138
Adyrna.kz Telegram
Фото: SHOT Телеграм-арнасынан
Фото: SHOT Телеграм-арнасынан

Ташкент әуежайының маңында орналасқан қоймада күшті жарылыс болды. Жойқын жарылыс 30 шақырым жерге сезілді. Зардап шеккендер бар, олар ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы gazeta.ru сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, 02:43 (Астана уақытымен 03:43) күшті жарылыс салдарынан Ташкенттің Сіргелі ауданы Даха қаласындағы қоймалардың бірінде өрт шықты.

Өрт салдарынан зардап шеккендер Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығына және оның Ташкент облыстық филиалына жеткізілді, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ дәрігерлер өрт орнында және жақын маңдағы үйлерде зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

Бұған дейін БАҚ Ташкенттегі жарылыс кеден қоймасында болғанын, сол сәтте онда қызметкерлердің саны көп болғанын хабарлаған болатын. Көрші тұрғын үйлер қатты зақымданған. Жарылыстан кейін Ташкент әуежайындағы кеден терминалы ғимаратынан дерлік ештеңе қалмады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ташкенттегі жарылысқа электромобильдер мен оларға арналған аккумуляторлар салынған қоймада найзағай соғуы себеп болған.

Пікірлер