Путин «Вагнердің» бұрынғы қолбасшысына тапсырма берді

1589
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин «Вагнер» жалдамалы әскер тобының бұрынғы штаб бастығы, отставкадағы полковник Андрей Трошевпен кездесті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы Трошевке арнайы тапсырма берді.

«Жауынгерлік жұмыс жақсы әрі сәтті өтуі үшін алдын ала қандай мәселелерді шешу керегін білесіз. Сол себепті арнайы операция кезінде ерікті жауынгерлерді өз бақылауыңызға алыңыз»,—деді ол.

Сондай-ақ президент барлық жауынгерге әлеуметтік кепілдіктер беру қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, Андрей Трошев – «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы болған Евгений Пригожиннің бұрынғы көмекшісі.

Пікірлер