Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы ұсталды — БАҚ

2658
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Ниет ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

«Антикордағы дереккөзіміздің мәліметінше, Бауыржан Ниет мемлекеттік қызметкерлер үшін заңсыз деп танылған ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінген. Қылмыстық істің егжей-тегжейлері жарияланбады»,—деп жазды басылым.

Айта кетейік, Бауыржан Ниет 2021 жылдың шілдесінде Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған еді.

Пікірлер