Астанада аялдамада тұрған адамдарды қаққан жүргізушіге қатысты тергеу басталды

1490
Adyrna.kz Telegram

29 қыркүйекте Астанада болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды деп хабарлайды  «Адырна» ұлттық порталы Астана Полиция департаментіне сілтеп. 

Полиция мәліметіне қарағанда, 29 қыркүйек күні сағат 08:31-де Mеrcedes-Benz көлігі Байтұрсынов көшесінен Жүргенов көшесіне кетіп бара жатып, басқа жолаққа түсер кезде сол бағытта жүріп бара жатқан Mazda көлігіне "апаттық жағдайтуындатқан". Салдарынан "көлікті тізгіндей алмай қалған Mazda жүргізушісі аялдамаға соқтығысқан".

Айта кету керек, полиция департаменті (ПД) оқиға туралы алғашқы хабарынан бастап, жүргізушінің "көлікті тізгіндей алмағанына" сенімді болған сиықты. Алайда оқиғадан тараған видеода Mazda жүргізушісі өзінің алдында оңға бұрылмақ болған Mеrcedes-Benz көлігін жол ережесіне сай өткізіп жібермей, оң жақтан басып озуға әрекеттенгені байқалады. Осы ақпаратта полиция қоғам үшін Mazda жүргізушісін жақтағандай әсерде қалдырған. Әлеуметтік желіде осы оқиға қызу талқы тудырған.

Астана ПД баспасөз мәліметінше, оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталып, бірқатар сараптама тағайындалды.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау абақтысына қамалды, анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер