Ұлттық мәдениетті өркендету үшін ниетің дұрыс болуы керек — Ринат Зайытов

1601
Adyrna.kz Telegram
Сурет: egemen.kz
Сурет: egemen.kz

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Майлин ауылындағы мәдениет үйінің халі мүшкіл. Бұл туралы белгілі айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Өңірлердегі кездесулер кезінде Аягөз ауданы Майлин ауылындағы мәдениет үйінің мүшкіл жағдайын көріп едім. Ешқандай жабдық пен аспаптардың жоқтығына қарамастан, жұмыс жасап отырған мәдениет үйінің жетекшісі табандылық танытып жүр екен. Осы жағдайды көрген Медетжан есімді бауырым мәдениет үйіне домбыра сыйлауға уәде берген. Шүкір. Бүгін сол аспаптар ауылға жетіпті. Ұлттық мәдениетті өркендету әр азаматтың қолынан келеді. Тек ниеті дұрыс болса болғаны. Майлин ауылының мәдениет үйі таланттардың алтын бесігі болғай. Медетжан бауырым, даладай көңіліңе бас иіп, алғыс айтамын. Миллионер болмасаң да, барыңды ұқсатып, ұлттық өнерді қадірлеп, қолдаған жүрегің тоқтамасын! Рақмет. Сенің ерлігің басқа да жігіттерге үлгі болсын!»—деп жазды ол.

Пікірлер