Маңғыстау облысы. Депутат мәдениет үйіндегі дәретхананы сынға алды

1181
Adyrna.kz Telegram
фото: daulet_mukayev
фото: daulet_mukayev

Депутат Дәулет Мұқаев Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданындағы мәдениет үйінде орналасқан дәретхана туралы инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ол желіге мәдениет үйіндегі дәретхананың суретін жүктеп, астына:

«Түнгі чат! Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының Мәдениет үйіндегі мәдениетті дәретхана осындай. Бәрінен де қағазы қай жерде екен? Бастысы общение-печеньеге жақсы жер секілді», - деп жазған депутат.

Желі оқырмандары да «садиктегідей екен», «әңгімелесіп отырсын деп салған ғой», «не деген логика мынау» деген пікірлер қалдырған.

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

Пікірлер