"Білім беру саласында ақаулықтар бар". Депутаттар Дүйсеноваға сауал жолдады

953
Adyrna.kz Telegram
Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv

«Amanat»  партиясының депутаттары Самат Нұртаза мен Жұлдыз Сүлейменова Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Депутаттар қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық колледждердің жалпы жұмыс жасау жүйесіне көңілі толмай, әдістемелерге бөлек қолдау көрсету керектігін айтты.

"Өзіңіз білетіндей биыл қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, әр мұғалім үлгі тұтатын Жүсіпбек Аймаутовтың 135 жылдық мерей тойы аталып өтпекші. Алайда, осындай атаулы жылда бүгінгі білім беру саласында ақаулықтар бар екені мәлім.

Осыған орай, менің депутаттық сауалымда педагог кадрларды даярлауды жетілдіруге қатысты бірнеше ұсыныстарымды айтқым келіп отыр", - деді депутат. 

Депутаттар билікке жазбаша сауал жолдап, жауап күтетінін айтты.

  1. Жоғарғы оқу орнына туыстас мамандықтарға қабылдауға білім беру грантын көбейту туралы.
  2. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагог қызметкерлерінің мәртебесін көтеру туралы.
  3. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары мен тағлымдамадан өту туралы.
  4. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы.
Пікірлер