Азия ойындары: Соңғы жарыс күнінде ел қоржыны қоламен толықты

1602
Adyrna.kz Telegram
Prosports.kz
Prosports.kz

Азия ойындарының соңғы жарыс күнінде Қазақстан командасы синхронды жүзуден Азиадада "қоланы" жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Тартысты бәсеке 2023 жылдың 23 қыркүйегінен бастап, 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатыр. Соңғы жарыс күнінде ел қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты.

Синхронды жүзуден медаль үшін қазақстандық команда құрамы: Наргиза Болатова, Әйгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жания Жиенғазы, Этери Какутия күресті.

Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Азия ойындарында жанкүйерлер каратэден бақ сынайтын спортшыдан жүлде күтіп отыр.

Каратэ спорт түрінен Қазақстан құрамасының өкілі Мөлдір Жаңбырбай өнер көрсетеді.

15 күнге созылған доданың қорытындысы бойынша әзірге ел қоржынында 79 медаль бар – 10 алтын, 21 күміс және 48 қола. Медальдық есепте мемлекеттер арасында Қазақстан 11-ші орында тұр.

Пікірлер