Ұрлық жасады. Теміртау ТКШ бөлімінің экс-қызметкеріне халықаралық іздеу жарияланды

1339
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Теміртау қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің экс-қызметкеріне ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы  eKaraganda.kz порталы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Желіде Теміртау ТКШ бөлімінің бұрынғы қызметкері ірі көлемде ұрлық жасады деп күдікке ілінгені туралы ақпарат тарап жатыр.

Ақпаратқа сәйкес, 2020 жылы жылу желілерінде жөндеу жұмыстары басталған кезде ескі құбырлар жоғалып кеткен. Алты шақырымға жететін металл құбырлар қолды болған.

Теміртау ТКШ бөлімінің бұрынғы қызметкері жөндеу кезінде Теміртаудағы жылу трассасынан құбырларды ұрлады деген күдікке ілінді. Ұрлық фактісі анықталғанда бұрынғы шенеунік бөлімде жұмыс істемеген, - деп жазды портал.

Сонымен қатар, ұрлық туралы күдік туындаған кезде бұл қызметкер жұмыстан шығып кеткен. Ал Қарағанды облысының полиция департаменті ұрлық жасады деген күдіктіге халықаралық іздестіру жарияланғанын растап отыр.

Теміртау қаласының 28 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша "Ірі көлемдегі ұрлық" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Осы жылдың шілде айының басында бұл адамға халықаралық іздеу жарияланды,- деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер