Шымкент білім басқармасының басшысы тағайындалды

3056
Adyrna.kz Telegram
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиева тағайындалды. Бұл қала әкімінің өкімі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Нұргүл Ақылбекқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін, «Тұран-Астана» университетін және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі - орыс тілі мен әдебиеті, психология, менеджмент.

Еңбек жолының 22 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.

Соңғы жылдары Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Пікірлер