«АрселорМиттал Теміртауға» 5,5 миллион теңге айыппұл салынды

1763
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,5 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарма Теміртау қаласы кәсіпкерлерінің ұжымдық өтініші негізінде «Арселор Миттал Теміртауға» қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізгенін мәлімдеді. Нәтижесінде компания кәсіпкерлерлік нысандарды жылу желілерінен заңсыз ажыратқаны белгілі болды.

«Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 5 қазандағы қаулысымен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-на 5 520 000 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген комитет хабарламасында.

Компания әкімшілік жауапкершіліктен бөлек, қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

Еске салайық, 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенген еді. Өрт салдарынан бес кенші де қаза тапты. Қазіргі таңда полиция 277-бабының 2-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пікірлер