Қарағандыда жол апатынан екі адам қаза тапты

1753
Adyrna.kz Telegram
Петр Карандашов
Петр Карандашов

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

15 қазан күні Қарағанды-Молодежный тасжолында 2 көлік соғысты. Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде Hyundai Sonata жеңіл көлігі мен Neoplan автобусы жол апатына ұшырап, салдарынан адам шығыны болды.

Бұл туралы аудандық полиция хабарлады.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекссің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.

Пікірлер