Байден: ХАМАС-ты жою керек

1342
Adyrna.kz Telegram
Фото: twitter.com/POTUS
Фото: twitter.com/POTUS

АҚШ президенті Джо Байден Израиль мен Палестинаның екі мемлекет ретінде қатар өмір сүру идеясын қолдайды, бірақ ХАМАС палестиналықтардың мүддесін қорғайды деп санамайды. Бұл туралы ол қазанның 15-і күні америкалық CBS телеарнасында көрсетілген «60 минут» бағдарламасының бөлімінде талқылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

7 қазанда Хамастың Израильге жасаған жаппай шабуылына және одан кейін мыңдаған адамның өмірін қиған соққыларға қарамастан, Палестина-Израиль қақтығысын бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік әлі де бар, - деді АҚШ президенті Джо Байден.

Байденнің айтуынша, аймақта «екі мемлекеттікті бейбіт шешімге апаратын» жол әлі де бар, бірақ оны ХАМАС-тың процеске қатысуынсыз іздеу керек. Америкалық көшбасшы бұл топты «бейбіт тұрғындардың артына тығылған қорқақтар тобы», ал Газа секторының жанындағы кибутц пен музыка фестиваліне шабуыл жасаған содырларды «холокост сияқты ауыр салдары бар айуандықтың» қатысушылары деп атады.

Тележүргізуші Израильдің ХАМАС-ты толығымен жою ниетін жариялағанын айтқан кезде, Байден бұл мәлімдемені қолдайтынын білдірді. Ол Палестина халқының өз билігі болуы керек екенін айтты.

Палестина мемлекетіне апаратын жол болуы керек. Дегенмен қақтығыстың шиеленісуінің жаңа кезеңін ескерсек, дәл қазір бұл шешімге жету мүмкін емес. Десе де, егер Израиль Газа секторын басып алу үшін қадам жасаса, бұл «үлкен қателік» болады, - деді Байден.

АҚШ президенті Израиль армиясы аймақтағы ең жақсы жауынгерлік күштердің бірі, сондықтан оған әскер жіберудің қажеті жоқ деп санайды. Дегенмен, Вашингтон Израильге  қолдау көрсетеді және басқа елдермен қақтығысқа қатысудан сақтандырады.

Одан бөлек, Байден аймақ елдерінің басшыларымен Газа секторының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету бойынша келіссөздерді жалғастырып жатқанын атап өтті.

7 қазандағы оқиғалардан кейін Израиль ХАМАС басқаратын аумақтарды толығымен энергетикалық блокадаға алды, бірақ 15 қазанда ол сектордың оңтүстігінде сумен жабдықтауды қалпына келтірді. 

Байден бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен де, Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббаспен де келіссөздер жүргізген болатын.  Махмуд Аббас АҚШ президентіне «аймақтағы қауіпсіздік, тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізудегі өз әкімшілігінің мүддесі, рөлі мен күш-жігері үшін» алғысын білдірді.

Пікірлер