Қазақстанда алкоголь ішуге ресми түрде тыйым салынуы мүмкін

1381
Adyrna.kz Telegram
фото: AlmaLife
фото: AlmaLife

ІІМ орынбасары Игорь Лепеха кімдерге алкоголь ішуге ресми түрде тыйым салынуы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Tengrinews.kz  мәліметіне сәйкес, ІІМ отбасылық тирандарға қарсы шараларды қолға алды. Олардың қатарында – сот шешімі бойынша ішімдік ішуге тыйым салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, тұрғын үйден шығару, психотерапевтке міндеттеу.

Үкімет қаулысында Игорь Лепеха бұл мәселе тек тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға ғана қатысты емес екенін түсіндірді.

«Бүгінде ерекше талаптар бар: судья «алкогольді ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу» туралы шешім шығарады, мысалы, үш айға. Егер қоңырау түссе, міндетті емес (тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы - еск.), шартты түрде тыныштықты бұзу, келіп азаматтың мас екенін көрсек, бұл – заңбұзушылық», - деді ІІМ өкілі.

Ол бұл шараларды қолдану үшін әйелдің күйеуінің үстінен полицияға шағымдануы ереже бойынша талап етілмейтінін айтты. Тіркелген азаматтарды учаскелік полиция қызметкерлері де «қадағалайды».

«Учаскелік полиция қызметкері аралайды. Сот шешімі немесе мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар қойылған барлық адам профилактикалық бақылауға алынып, учаскелік инспектор барады», - деп қосты Лепеха.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер