Астанада мешіттегі адамдар эвакуацияланды. Белгісіз біреу қауіпті дыбыс шығатын сөмке қалдырған

2691
Adyrna.kz Telegram

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 қазан күні полицияға бір әйел хабарласып, белгісіз біреу оның чемоданы мен рюкзагын мешіт аумағындағы дүкенге тастап кетіп, қайтып келмегенін хабарлаған. Ол сонымен қоса қалдырып кеткен заттардан шығатын күдікті дыбыстарды да атап өтті.

«Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметі жіберілді. Осындай хабарламаларға жауап ретінде және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақ оқшауланды. Мешітте болғандардың барлығы қауіпсіз аймаққа ауыстырылды», - деп хабарлады полиция департаментінен.

Чемодан мен рюкзакты тінту кезінде қауіпті заттар табылмады. Қазір полицейлер тасталған жүктің иесін анықтауда.

Пікірлер