«Ешқашан шешпеймін». TikTok-та хиджаб кию туралы тыйымға қарсы флешмоб белсенді тарап жатыр

3218
Adyrna.kz Telegram
Сурет: iz.ru
Сурет: iz.ru

TikTok-та хиджаб кию туралы тыйымға қарсы флешмоб белсенді тарап жатыр. Желі қолданушылары өздерінің наразылықтарын білдіріп, түрлі видеоролик түсіруде, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мен оқудан, мансаптан бас тартамын, бірақ ешқашан хиджабымды шешпеймін»,—дейді қыздардың бірі.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда кейбір діни киімдерді киюге шектеулер енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан еді.

Ал Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері халықаралық қыздар күні қарсаңында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған челлендж бастады.

Қазақтың қыз-келіншектері шашқа сән беріп, оюланған шашбау, күмістелген шолпы таққан.

Білім алушылар барша қазақ аруын шашбау мен шолпы тағуға шақырды.

Пікірлер