«Алмағайып заманда бізге тыныштық пен тұрақтылық керек»

1148
Adyrna.kz Telegram
Фото: ulyorda.kz
Фото: ulyorda.kz

Неше күннен бері әлемдік ақпарат құралдарының басты тақырыбы таяу шығыстағы соғыс. Әлеуметтік желіге кіріп қалсаң жарылыстар мен атқылаулардан жан тапсырған адамдар. Санында шек жоқ, қарауға жүрек те шыдамайды. Бір кішкентай бала мәйіттердің арасынан ата-анасын іздеп шарқ ұрды. Бір кезде тауып жылап отыр... Сұмдық. Бітсе екен аты өшкір соғыс. Әлемде бейбітшілік болса екен тезірек!

Ертең елімізде 25 қазан Республика. Бұл мерекенің маңызы мен мәні ерекше бәріміз үшін. Осындай алмағайып заманда бізге тыныштық пен тұрақтылық керек. Ағайын тату болса ас көп. Ал алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық деп атам қазақ көп нәрсені біліп айтып кеткен.

Мереке қарсаңындағы салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев былай деді:

«Біз біртіндеп қоғамды өзгерту және демократия қағидаттарын енгізу жолынан айнымаймыз. Әлемде саяси және экономикалық ахуал құбылып тұрған заманда заң және құқық үстемдігін қамтамасыз ету өте маңызды.

Мемлекет радикализмнің, экстремизмнің, құқықтық нигилизмнің және тұрмыстық вандализмнің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанатын болады. Еліміз өктемдік пен өшпенділікке, қоғамдық тәртіпті аяқ асты етуге, зорлық-зомбылыққа шақыруға, азаматтардың ар-намысын таптайтын әрекеттер жасауға жол бермейді.

Заңға қайшы келетін, азаматтардың арасына іріткі салатын және тұрақтылыққа сына қағатын кез келген сөз бен әрекетке қатаң тосқауыл қояды. Бұл талапқа бағынбау мемлекетке де, қоғамға да қарсы шығу деп бағаланады. Мұны бәрін, әсіресе, ел алдында жүрген және халыққа сөзі өтімді азаматтар терең түсінуі керек».

Түйін. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді. Ауызбіршілігімізден ажыратпасын бастысы. Мереке құтты болсын!

Асхат Садырбай

Facebook парақшасынан алынды

Пікірлер