Күйеуі мұрны мен құлағын кесіп алған. Қырғызстанда Әсел Ногойбаеваны қолдау мақсатында флешмоб басталды

2845
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қырғызстанда бұрынғы күйеуі мұрны мен құлағын кесіп алған Әсел Ноғойбаеваны қолдау мақсатында «Мен Асель» флешмобы басталды. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жәбірленушінің әпкесі Диана Елкен 29 қазанда Бішкекте тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильмнің қайырымдылық көрсетілімі өтетінін хабарлады. Түскен қаражат Әселге алдағы операциялар үшін беріледі.

Айта кетейік, 36 жастағы қырғызстандық Әсел Ногойбаева бұрынғы күйеуінің үнемі ұрып-соғуының салдарынан ажырасып кеткен болатын. Ажырасқаннан кейін бұрынғы күйеуі Әселді үйінде, жұмыс орнында, қоғамдық орындарда күтіп алып, ұрып-соғуын жалғастырған. Әселдің айтуынша, отбасы бірнеше рет полицияға хабарласқан, бірақ нәтиже болмаған.

21 қыркүйекте Әсел Ноғойбаева пышақ жарақатымен ауруханаға түскен. Бұрынғы күйеуі оның мұрны мен құлағын кесіп тастаған. Әселдің кәмелетке толмаған ұлдарының бірі қылмыстың куәсі болған.

Аталған факті Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 130-бабы «Денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша тіркелді. Оның бұрынғы күйеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер