Алматыда Медеу-Шымбұлақ бағытындағы көлік қозғалысы шектеледі

1348
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы Медеу-Шымбұлақ жолында тастардың құлауына байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың 25 қазанында Медеу-Шымбұлақ жолындағы тас құлау салдарын жою жұмыстары басталды. Жұмыс кезінде көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектеледі. Жоба аясында аумақтарды тау жыныстары мен көшкіндерден инженерлік қорғау, жол беткейлерін нығайту, беткейлерден топырақ пен тастарды түсіру және қоймалық бөгеттерді тазалау жұмыстары жоспарлануда. Жөндеуге шамамен 11 техника мен 50 адам жұмылдырылады», - делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.

Бұл ретте тау шаңғысы курорттарының жұмысшылары мен кәсіпорындарына кіру кестесі жасалады.

«Қозғалыс туралы ақпарат әр ұйымның басшылығынан қолжетімді болады. Жобаны екі кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда. Негізгі жұмыс келесі жылға жоспарланған», - деп түсіндірді қала әкімдігі.

Пікірлер