InDrive компаниясы Қазақстанда "Бауырсақ күнін" бекітуді сұрап, министрлікке ашық хат жолдады

1794
Adyrna.kz Telegram
фото: Білімділер порталы
фото: Білімділер порталы

«Бауырсақ күнін» еліміздің айшықты мерекелер қатарынан көргіңіз келе ме? Мұндай күнді ұлттық мереке күндерінен табылуы керек деп ұсыныс жасап отырған... әлдебір шенеунік не әртіс, тіптен Бауырсақтың өзі де емес... Дәл өзі – inDrive.Курьері. InDrive компаниясы ұлттық нышанымызды айғақтайтын ұсыныс төңірегінде Мәдениет және Еңбек министрлігіне ресми сұрау жіберді. Бұл туралы Qumash телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Бауырсақ» күнінің ұлттық мереке қатарына ілінуін Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан да қолдаған. «Бауырсақ – қазақ халқының ұлттық және басты тағамдарының бірі және «итальяндықтар макарон өнімдерін (италияндықтарда «Паста күні» мерекесі бар), жапондықтар – сушимен, өзбектер – палауды қалай мақтан етсе, біз де бауырсақпен өз еліміздің басты тағам рәмізін көрсетуіміз керек», - дейді Арман Әубәкір.

Министрге жолданған ашық хатта InDrive компаниясы 2023 жылдың қыркүйегінде Алматы көшелерінде «Бауырсақ түсті күз» акциясын өткізгенін жазған. Сонымен бірге министрлікке "Бауырсақ күнін" ресми түрде бекітуді сұрап, ашық хат жолдаған.

«ІnDrive.Курьер компаниясы сізден "Бауырсақ күнін" ресми бекітуді сұрайды. Италияда – паста күні, Жапонияда – суши күні, АҚШ – та хот-дог күні тойланады. Аталған мерекелер өте танымал, тіпті халықаралық мәртебеге ие. Бауырсақ күнін тойлау –  қазақ халқының қонақжайлылығын, қазақ асханасының ұлттық дәмін танытудың, насихаттаудың ең жақсы тәсілі деп санаймыз. Бауырсақ түркі халықтарына тән дәстүрлі өнім екені даусыз. Дегенмен, Қазақстан Еуразия құрлығының орталығында орналасқан және көптеген мәдениеттерді, этностар мен халықтарды біріктіретін мемлекет ретінде бастама көтеріп, бұл өнімге ерекше мәртебе берген бірінші ел бола алар еді. Бауырсақ күнін бекітудің қосымша оң әсері ретінде және Қазақстанның мәдени құндылықтарын насихаттау стратегиясына сәйкес, бұл қадам еліміздің туристік әлеуетін арттыруға ықпал етуі мүмкін, бұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған маңызды міндеттердің бірі болып табылады», - деп жазылған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер