Киік атқызған министрлік ілбіс азайғанына да сенбейді

1188
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қар барысының саны рекордтық деңгейде азайғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кеше Energyprom мониторинг агенттігі Қазақстанда бар барысының саны 99-ға дейін азайғаны жайлы мәлімет таратқан болатын. Дегенмен, Экология министрлігіне қарасты орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«Зоология институтының санағына сәйкес Қазақстандағы қар барысының саны 180 дарақтан асқан», - дейді комитеттен.

Еске салсақ, қазанда экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік саны реттеу үшін атуға рұқсат берілетінін айтқан еді.

Министрдің айтуынша, киік санын басқару жөніндегі биологиялық негіздемеде популяцияны реттеудің екі тәсілі ұсынылған. Біріншісі – тор құру арқылы ұстап, етін ет өңдейтін зауыттарға жеткізу. Бұл әдіс күндіз жасалады. Екіншісі – түнде атып алу.

Айта кетейік, киік пен ілбіз Қызыл кітапқа енген.

 

Пікірлер