ТАЛҒАТ ЖАҚИЯНОВ: Теріс діни ағымға кетушілердің арасында толық емес отбасынан шыққандар көп екен.

1466
Adyrna.kz Telegram

Толық емес отбасылар және дін.

Жуықта Алматы қаласында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне дәріс оқыдым.

Тыңдаушылардың ғылыми-сарапшылық деңгейі жоғары:  білікті мамандар мен ғалымдар тартылған.

Талқылау да қызықты өтті. Ойға ой қосылды, түрлі тұжырымдар мен пайымдар айтылды.

Айтылған пайымдардың ішінде мынадай пікір ерекше ой салды: теріс діни ағымға кетушілердің арасында толық емес отбасынан шыққандар көп екен.

Шынымен, ойланып қарасақ, толық емес отбасылар (негізінен ажырасқан отбасылар) - ұрпақтар сабақтастығы жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылар.

Ұрпақтар сабақтастығына қарай отбасының екі типі бар: дәстүрлі отбасы ("ата - әке - бала" ұрпақтар сабақтастығы бар) және нуклеарлық, яғни, шағын отбасы ("әке - бала" ұрпақтар сабақтастығы).

Дәстүрлі отбасындағы бала әртүрлі әлеуметтік рөлдерді иеленеді: бала, немере, қайны (балдыз), іні (қарындас), т.б. Әр рөлдің аясында бала сол рөлге тән мінез-құлық үлгілерін игереді, өзінің түрлі сұраныстарын қанағаттандырады: ата-әжесінен ақыл мен мейірім алады, еркелігін шығарады, әкесі мен шешесінен үйренеді, ішіндегі  сырын жеңгесімен бөліседі, ағасынан (әкесінің інісінен) жігіттіктің алғашқы сабақтарын алады, психологиялық кеңес сұрайды, туыстардың қаржылық-материалдық қолдауына ие болады, т.с.с. Әлеуметтік рөлдердің кеңдігі баланы жан-жақты әлеуметтендіріп, ертеңгі үлкен өміріндегі түрлі қарым-қатынастарға дайындап шығарады.

Нуклеарлық отбасында ондай мүмкіндік шектеулі: рөлдер шектеулі, туыстық шеңбер тар, мейірім мен қолдау жеткілікті емес.

Ал толық емес отбасында жағдай тіптен күрделі: қарым-қатынас пен қамқорлық аясы өте тар.

 

 

Talgat Zhakiyanov

 

 

 

 

 

 

Пікірлер