ХАЛЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Болашақта француз тілін жетік білетін жастар экономикалық үрдістерге де тың серпін беретін болады

1276
Adyrna.kz Telegram
Франция Президентінің сапары аясында елімізде француз мектептері ашылатын болыпты. Бірден ана тіліміздің тағдырын ойлаймыз ғой.
Қарасам, бұл жаппай сипат алмайды, 2 мектеп 1000-ға жуық оқушы орындары ашылады екен, кейін француз тілімен қатар қазақ тілі, әдебиет, Қазақстан тарихы мен географиясы оқытылатын болыпты.
Бұл мектептердің түлектерінің алған аттестаты екі елде де танылатындығы көңілімнен шықты, бұл дегеніміз мектеп түлектерінің Францияның жетекші жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндігі болатынын білдіреді. Бұл отандық білім сапасына оң әсер етеді.
Сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық қатынастар үшін де оңтайлы әсер етеді, болашақта француз тілі мен мәдениетін жетік білетін жастарымыз екі ел арасындағы экономикалық үрдістерге де тың серпін беретін болады деп есептеймін.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың оқу ағарту саласында болып жатқаны қуантады.

 

 

 

 

Пікірлер