Роман Скляр: Қысқа мұндай ауқымды дайындық бұрын-соңды болмаған

1342
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Роман Скляр Екібастұзда жылу беру маусымы қалыпты өтетінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Вице-премьер Роман Скляр Екібастұз жылу электр орталығы толығымен ретке келтірілгенін айтты. Орталықты ретке келтіру үшін бюджеттен 8,2 миллиард теңге бөлініп, бес ыстық су қазандығы коммуналдық меншікке өткен.

"Оны жылу электр орталығы деп айту қиын. Ол 2009 жылы енгізілген. Сіз жақсы білесіз, 12 мегаватт өндіретін бір ғана турбина бар. Ол бұл энергияны тек өз тұтынуына береді. Бұл рентабельді емес нысан. Тағы бір ЖЭО электр энергиясына ақша тауып, рентабельсіз жылуды теңестіре алады. Бірақ бұл жерде, негізінен, үлкен қазандық тұр. Біз барлық 10 қазандықты талапқа сай жаңғырттық. Барлық жұмыстар аяқталды. 500-ден астам адам жұмыс істеді. Материалдар алдын ала жеткізілді. Екібастұзда биыл жылу беру маусымы қалыпты өтуі керек", - деді Роман Скляр.

Вице-премьер жылу беру маусымында тек Екібастұзға ғана назар аудару дұрыс емес екенін атап өтті.

"Сіздер бізде проблемалы Риддер ЖЭО стансасы бар екенін жақсы білесіздер, бірақ ондағы үлескерлер оны қалпына келтіруге мүлдем күш салған жоқ. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны пайдаланып, оны ретке келтіріп, қазір коммуналдық меншікке алып жатырмыз, басқа өңірлерде проблемалы жылу электр станциялары мен жылу желілері бар. Олармен Энергетика министрлігі мен үкімет мақсатты түрде жұмыс істеді. Қысқа мұндай ауқымды дайындық бұрын-соңды болмаған. Кейбір ұсақ апаттар әлі де орын алуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Дегенмен, біз жылу беру кезеңі ойдағыдай өтетініне сенімдіміз", - деді ол.

Өткен жылдың қарашасында Екібастұздағы жылу электр орталығында апат болып, салдарынан 30 градус аязда көпқабатты тұрғын үйлер, жеке сектор мен бірқатар әлеуметтік нысандар жылусыз қалған болатын.

Пікірлер