Марк Цукерберг жарақат алып, ауруханаға түсті

1218
Adyrna.kz Telegram
Фото: Марк Цукербергтің парақшасынан
Фото: Марк Цукербергтің парақшасынан

Кәсіпкер Марк Цукерберг ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Америкалық медиамагнат, миллиардер, Meta компаниясының негізін қалаушы Марк Цукербер ММА жаттығуы кезінде ауыр жарақат алды.

Жағдайы туралы ол өзінің Facebook парақшасында айтты.

Марк аяғына операция жасатқаннан кейінгі суретін жариялады.

"Спаррингте ACL (ред. - тізедегі крест тәрізді байланыстардың бірі) жыртылып, оны ауыстыру операциясы жасалды. Маған қамқорлық жасағаны үшін дәрігерлер мен командаға алғыс айтамын. Мен келесі жылдың басында ММА жекпе - жегіне дайындалып жүргенмін, бірақ қазір бұл сәл кешіктірілді", - деп жазды кәсіпкер өз жазбасында.

Марк Цукерберг сондай-ақ денсаулығы жақсарғаннан кейін жекпе-жек өткізуге ниетті екенін айтты.

Пікірлер