Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің «сыңарлары» туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бізде бір ғана Путин бар! - деді ол.
Песковтың айтуынша, қазір БАҚ пен Telegram арналарында көптеген оғаш нәрселер пайда болуда. Мысал ретінде ол Путиннің «сыңарлары» туралы ақпаратты айтты.
Қазір «сарапшылар» болжайды - олардың үш-төртеуі бар және біз оларды күнде көреміз - бүгін таңертең олар Минин мен Пожарскийдің ескерткішіне гүл қойды, дейді. Бұл - түсініксіз, - деп күлді Путиннің баспасөз хатшысы..