Бір топ мұғалім бас мұғалімнің отставкаға кетуін талап етті

26170
Adyrna.kz Telegram
Фото: amanatpartiasy.kz
Фото: amanatpartiasy.kz

Бір топ мұғалім президент пен Мәжіліс төрағасына ашық хат жолдап, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етіп отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс», - деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Бізді де алаңдататын сол жағдай.

Бүгінгі ұрпақ қалай тәрбиеленіп жатыр? Дарынды жастар  «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылданған соң ұстаздыққа бет бұрды. Еліміздің білім саласы пандемиядай қиын жағдай болса да, соңғы жылдары үздіксіз дамып келеді. Қазір білім-ғылымға бет бұрған жастардың да легі артуда. Бұл еліміздің болашағы үшін үлкен күш.

Бірақ соңғы тағайындалған Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев бұл өзгерістерге саботаж жасауда. Жүрген жерінде көпірме сөз бен өтіріктен аспайтын министр тіпті шағын мектепті басқаратын деңгейі жоқ екендігін көрсетуде. Бұлай кете берсе еліміздің болашағы үшін аса маңызды сала - ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тіке қатысты сала оқу-ағарту ісіндегі соңғы жылдар жасалған оң өзгерістер құрдымға кетеді»,—делінген хатта.

Мұғалімдердің айтуларынша, Ғани Бейсамбаев жаңа қызметке кіріскеннен кейін министрліктің басшылық құрамына ауыс-түйіс жасаған.

«Өз адамдарын жинап жатыр. Бірінші вице-министрден бастап комитет төрағалары, оның орынбасарлары, аппарат жетекшісі, орынбасары, департаменттердің директорлары, орынбасарлары барлығын ауыстырды. Тіпті бас маманға дейін қуғынға ұшырады. Бұрыннан жүргендерден ешкім қалмады десе де болады. Тамыр-таныстық белгілі бір өзгеріске не жаңашылдыққа апармайтыны бұрыннан белгілі.

Ғани Бектайұлы бұған дейін Білім мазмұнын сараптау орталығы директоры мен Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының президенті болған кезде де, өкінішке орай, сол мекемелердің  тоз-тозын шығарған еді»,—дейді білім беру саласының мамандары.

Олар министрдің мұғалімдер құқығын қорғамайтынына наразы. Айтуларынша,
Ғани Бейсамбаевтың біткен немесе нақты істелген ісі жоқ.

«Келгеннен бері құр ұран, құр сөздермен тойғызып келеді. Біткен немесе нақты істелген іс жоқ. Білім саласының, оның ішінде оқу-ағарту саласына, білім сапасын көтеру, материалдық техникалық база жұмыстарын реттейтін құжаттардың  шикі тұстары одан әрі шикілене түсті немесе таза бизнеске қарай нақты жол ашып берді деуге де болады.

Қарапайым мұғалімдердің аттестациясы, білім мазмұны, білім бағдарламасы, тіпті оқу жоспарына дейінгі құжаттар одан сайын былығып, мамандар әуре-сарсаңға түсіп жатыр. Әлі бірде бір нақты құжат жоқ, жылға жуық уақыт бос сөзбен келеді, керісінше қаншама іс үсті-үстіне қосылып жатыр.

Біз, бір топ ұстаз, білім саласының жанашырлары, сізден тез арада қатаң шешім қабылдап, 27-ақ айда министр дәрежесіне қоғамға белгісіз жолмен жете салған адамды отставкаға жіберіп, елдің болашағын айқындайтын білім саласынан бейкәсіби маманды аластауды талап етеміз! Әділетті Қазақстан құру бастамасы тұсында бұндай өрескел қателіктерге қарап тұра алмағандықтан, сізге өтініш айтып отырмыз.

Біз сізден Оқу-ағарту министрлігінің тізгінін осы саланың жілігін шағып, майын ішкен мықты маманға, басшылық қызметте жеткілікті тәжірибесі бар білікті менеджерге беруіңізді сұраймыз!»,—делінген ашық хатта. Хат соңында қол қойған адамдардың тізімі берілген.

Құрметпен, Қазақстан ұстаздары:
1. Өмір Шыныбекұлы – «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері (Шымкент қаласы)
2. Аятжан Ахметжанұлы (Астана қаласы)
3. Айман Сағидулла (Алматы облысы, Қарасай ауданы )
4. Мейіржан Темірбек (Шығыс Қазақстан облысы)
5. Тілекқабыл Нұрышев  (Батыс Қазақстан облысы)
6. Айнұр  Сабыр ( БҚО, Орал қаласы)
7. Айнұр Елтоқ (Шымкент қаласы)
8. Абдиханова Рано Рыстаевна (Шымкент қаласы)
9. Ажибекова Лаззат Булегеновна (Шымкент қаласы)
10. Батырхан Айдана (Шымкент қаласы)
11. Әбдімомын Мейрамкуль Нұржауқызы (Шымкент қаласы)
12. Барсаева Жанылсын Дуйсенбиевна (Маңғыстау обл., Ақтау қаласы)
13. Бисенгалиева Сандугаш Турмаганбетовна (Батыс Қазақстан облысы)
14. Ширимбекова Салтанат (Түркістан облысы)
15. Рахметова Кенжегүл Абдикаликовна (Жамбыл облысы)
16. Жалғасова Мария Смагуловна (Алматы облысы, Қарасай ауданы)
17. Сапарбаева Каламкас Нуржановна  (Түркістан облысы, Түлкібас ауданы)
18. Дәулетбақова Гүлнәр (Шымкент қаласы)
19. Канатова Ардак Батыровна (БҚО, Орал қаласы)
20. Серикова Айгерим (БҚО, Орал қаласы)
21. Мирзабаев Ербол (Шымкент қаласы)
22. Нүсіпбек Мейрамгүл Барақазатқызы (Алматы қаласы)
23. Алыпкараева Маржан (Шымкент қаласы)
24. Есмурзаева Алия Асылбековна (Алматы облысы, Қарасай ауданы)
25. Дана Дербіс (Шымкент қаласы)
26. Қайырова Меруерт Жумабаевна (Шымкент қаласы)
27. Сакетаева Жанна (Шығыс Қазақстан облысы)
28. Сманова Эльмира (Түркістан облысы)
29. Сания Нүсіпәлі Нүсіпжанқызы (Алматы облысы, Талғар ауданы)
30. Манапова Айнұр Абайқызы  (Жамбыл облысы)
31. Бағила Бегиндикова (Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асық ата кенті)
32. Айбар Абайұлы (Ақмола облысы)
33. Кулманова Джамила (Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кенті)
34. Ниязбаева Динара (Абай облысы)
35. Мендибаев Мырзагали ( Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы)
36. Сұлтан Орынбасар (Сауран ауданы)
37. Сейсенбай Ержан (Түркістан облысы)
38. Ходжаканова Айгул Сакеновна ( Түркістан облысы)

Пікірлер