Алматыда ШОБ субъектілері өндірген өнім көлемі 15.7 трлн теңге

788
Adyrna.kz Telegram
primeminister.kz
primeminister.kz

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, шаһарда 869 мың адам шағын және орта бизнеспен айналысады. Бұл дегеніміз экономикалық белсенді халықтың 83 пайызын құрайды деген сөз.

2022 жыл ішінде, шағын және орта кәсіпкерлік шығарған өнімнің көлемі 15,7 трлн. теңгені, нақты көлемінің индексі – 131,1%-ды құрады, - деп атап өтті Басқарма басшысы.
2022 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіпте өңдеу өнеркәсібінің 13%-ға өсуінің есебінен өсім 9,6%-ға қамтамасыз етілді.
Берік Солтанбаевтың айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлік қала экономикасының іргетасы болып табылады. Бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында, қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарының кең жиынтығы тартылған.
Осы жылы сомасы 80 млрд. теңгені құрайтын 900-ден астам жоба қаржыландырылды.
Ауқымды инвестициялық жобалар Алматы – Индустриялық аймағында және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында дамуда, - деп хабарлады Берік Солтанбаев. Атап айтқанда, қазір Алматы – Индустриялық аймағының аумағында сомасы 381,4 млрд. теңгені құрайтын 87 жоба іске асырылуда, 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
Аса шағын кәсіпорындар үшін шағын өнеркәсіптік парктер бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда, ондағы үй-жайлар жеңілдік шарттарымен ұсынылады. Жұмысы тоқтап тұрған өнеркәсіп нысандарын жаңа инновациялық технопарктер мен кластерлерге қайта құрылымдау жүргізілуде.
Инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу мақсатында, Алматы қаласында 2023 жылғы наурызда «Almaty Business Development Company» Алматы қаласының бизнесін дамыту жөніндегі компаниясы» ЖШС өз жұмысын бастады, ол бизнес-қоғамдастыққа «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер кешенін көрсетеді.
Берік Солтанбаев атап өткендей, Алматы қаласының экономикасын дамытудың негізгі басым бағыттарының бірі – креативті индустрияны дамыту есебінен экономиканы түрлендіру үшін жағдай жасау болып табылады. Қазірдің өзінде, креативті секторда 19 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Аталған саланы дамыту үшін, кәсіпкерлерге жан-жақты, оның ішінде, оқыту бағдарламаларын іске асыру, жеңілдікпен қаржыландыру, гранттар беру, үй-жайлар ұсыну секілді қолдау көрсетіледі.
Шығармашылық бастамаларды іске асыру үшін, жуық арада креативті хабтар мен кластерлер іске қосылатын болады.

Пікірлер