Қазақстанда электромобильдерді автотұрақтарда зарядтауға тыйым салынды

1033
Adyrna.kz Telegram

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі полиция деректеріне сілтеме жасап, бүгінде елімізде 6,5 мыңнан астам электромобиль тіркелгенін атап өтті. Ал қазақстандықтар автотұрақтар мен тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың тұрақтарына зарядтау станцияларын белсенді түрде орнатуда. Бірақ электр зарядтағыштарының құрылыс нормалары Қазақстанның ешбір стандарттарында көрсетілмеген, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы kolesa.kz жазды.

«Электрокөліктегі өртті сөндірудегі шетелдік тәжірибе литий-иондық аккумуляторлардың қысқа тұйықталу, істен шығуы және өздігінен тұтанып, жарылуы мүмкін екенін көрсетеді. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі электр көліктері мен оларды зарядтау станцияларын орналастырудың халықаралық тәжірибесін зерделей отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерге орналасқан жеріне қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтеді», - деді министрлік.

Құрылыс заңнамасына өзгерістер енгізілгеннен кейін өрт қауіпсіздігі ережелері де түзетілетін болады.

«Тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданғанға дейін автотұрақтарда, тұрғын үй маңаындағы көлік тұрақтарында өндірістік гараждарда, сарайлардың астындағы және электр көліктерін зарядтауға арналған ашық қоймаларда айнымалы ток зарядтау станцияларын пайдалануға жол берілмейді», - деді ТЖМ.

Осы хабарлама негізінде тек тұрғын үй кешендерінің тұрақтарында ғана емес, сонымен қатар сауда орталықтарының тұрақтарында, сондай-ақ көше станцияларында зарядтағыштарды орнатуға және көліктерді зарядтауға тыйым салынды.

Пікірлер