60 жыл бұрын президент Кеннеди кісі қолынан қаза тапты

1617
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз беттерінен
Фото: ашық дереккөз беттерінен

Осыдан 60 жыл бұрын қастандықтан қаза тапқан АҚШ президенті Джон Кеннеди 25 қараша күні жерленді. Ол 1963 жылы 22 қарашада Далласта атылған оқтан жан тапсырған болатын.

Американы және бүкіл әлемді дүр сілкіндірген кісі өлімі қысқа уақыт аралығында түрлі мифтер мен қастандық теорияларын тудырды.

Джон Кеннеди, оның әйелі Жаклин, сондай-ақ Техас штатының губернаторы Джон Коннели кабриолетке мініп, президентті қарсы алуға жиналған азаматтарға күлімсіреп, қолдарын бұлғайды.

Сол сәт, күтпеген жерден президенттің денесі алға қарай иіліп, тамағынан қан аққанын байқайды. Бірнеше секундтан кейін президенттің басына оқ атылады.

Бұл Кеннедидің миына тиген екінші оқ болды. Қасында отырған губернатор арқасынан жараланған. Жаклин алдымен күйеуіне, сосын баяу қозғалып келе жатқан кабриолеттің артында тұрған президент күзетінің жанына жүгірді. Президент кортежі сол замат жылдамдығын арттырып, алаңнан шығып кетеді.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де президент Кеннедидің қайтыс болғаны ресми түрде жарияланды.

АҚШ президентіне оқ атылғаннан кейін шамамен бір сағат өткен соң, Кеннедиді өлтірген Ли Харви Освальд ұсталады. Ол көпшіліктің алдында полиция офицері Типпитті де атып өлтірген болатын.

24 қарашада Освальдты басқа түрмеге ауыстыру кезінде түнгі клуб иесі Джек Руби атып өлтірді. Бұл жазба ондаған теледидар камераларына түседі.

Бір күннен кейін, 25 қарашада Кеннеди Вашингтондағы Арлингтон ұлттық зиратында жерленіп, оның жерлеу рәсімін бүкіл әлем бақылайды.

Қайтыс болған әкесіне құрмет көрсеткен кішкентай ұлы мен жесір әйелі әлемдегі ең қуатты саяси бейнелер жинағында мәңгі есте қалады.

Кеннеди өлімі – қандай талаппен жасалғаны әлі анық айтылмаған, АҚШ тарихындағы ең көп астыртын әрекет теорияларын тудырған оқиға болып қалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер