Үй емес, гараж сияқты. Көкшетаулықтар жылуға жарымай отырғанын айтады

1274
Adyrna.kz Telegram
фото: Almaty.tv
фото: Almaty.tv

Көкшетау қаласының кей аудандарында тұрғындар жылу жүйесінің жоқтығына наразы, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Massager.kz-ке сілтеп.

Көкшетаулық тұрғындар жылусыз отырғанына шағымданды. Олар қақаған қыс жақындағанда үйдегі батареялардың жылымайтынын, бөлме температурасы бар болғаны 19 градусты көрсетінін айтады.

"Қала әкімдігіне және "Көкшетау Жылу" коммуналдық кәсіпорнына да шағымдандық. "Жайлау" шағын ауданындағы үйлер өте суық. Батереялар сап-салқын. Ал іс жүзінде қол тигізбейтіндей ыстық болуы керек қой. Бөлме температурасы 19 градустан аспайды. Бұл дегеніңіз сұмдық қой. Әсіресе таңертең үйдің іші мүлде суып кетеді. Тіпті үйде емес, гаражда оянғандай боласың. "Көкшетау Жылу" коммуналдық кәсіпорнына тиісті шара қабылдап, маман жіберуді және шын мәнінде бәріне көз жеткізуді сұрадық. Бірақ ешкім біздің жанайқайымызға назар да аудармады. Көрші үйлердің бәрінде де осындай жағдай", - дейді "Жайлау" шағын ауданының тұрғындары.

Алайда аталмыш кәсіпорын тұрғындар тарапынан ешқандай шағымның түспегенін алға тартады.

"Кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне аталған мекенжай бойынша ешқандай шағым түскен жоқ. Жылу инспекциясы қызметкерлері аталған мекенжайларға инспекциялық шығу ұйымдастырылып, тиісті шаралар жүргізілетін болады", - деді "Көкшетау Жылу" коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Пікірлер