Лицензияланбаған препарат қабылдаған астаналық науқас қайтыс болды

1642
Adyrna.kz Telegram

Астана тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы елордалық прокуратураның хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Айыпталушы абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған дәстүрлі емес Шығыс медицинасымен айналысқан.

«Сотталушы тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан. Ол ұйқысыздық шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекция салып, соның салдарынан науқастың халі күрт нашарлап кеткен. Біраз уақыт науқас есін жимастан қайтыс болған», - делінген ведомство хабарламасында.

Сараптама қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болды.

Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды.

«Прокуратура азаматтарды осы қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ адамдарға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады», - делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер