"Сәрсен мен Боқаштан" басталған жол. Бүгін - Ғабиден Мұстафиннің туған күні

2156
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, яғни 29 қараша қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөздің хас шебері атанған Ғабиден Мұстафиннің өмірге келген күні.

1902 жылдың дәл осы күнінде Қарағанды облысы Тельман ауданы Сарытөбе ауылында кейін халқының заңғар жазушысы болар сәби дүние есігін ашты. Шаруа отбасында өскен болашақ қаламгер ауыл молдасынан арабша сауат ашты. 14 жасында Спасск зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің 4 сыныбына түседі.

Ауылда әр түрлі қызметте болып, 1925 жылы білімін көтеру мақсатымен Қызылордаға келеді, мұнда оқуға түсе алмай, өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші қызметіне орналасады. Жазушылық өнерге құмарлығы осы кезден басталады.

Саналы ғұмырын қазақ әдебиетінің өркендеуіне, қазақ прозасының кең тыныстауына арнаған ұлы тұлға артына көп еңбек қалдырды. Елеусіз қалған бірі де жоқ. Сол кездегі тұрмыс халін арқау ете отырып роман саласында тақырып байытты. Замандастарынан көші ілгері жүрген қаламгер проза саласына қаламының сиясын аяған жоқ. Содан болар, оның шығармалары оқырман қолынан түспеді. Қазақтың біртуар жазушысы өз еңбектерімен соңына өлшеусіз із қалдырып үлгерді.

Даңқты жазушы Мұхтар Әуезовтың өзі бұл кісі жайында, Қарағанды романы жайында былай деп әңгімелейді: «Жазушылық еңбек пен оған берілген өнердің әр алуан талайы мен тағдыры бар. Кейбір творчестволық тәжірибені болжасаң, жазушы өзіне лайықты, шамасы толық құлаш сермеп шығатын тақырыбын таппай жүретіні болады. Кең өмірде көлдей иен, тамаша тақырыптар арасында көп түртініп, өнімсіз жүріп қалады.

Ғұлама жазушының Қазақ кеңес әдебиетін дамытудағы және қоғамдық қызметіндегі қол жеткен жетістіктері белсенділігі, іскерлігі ескерусіз қалған жоқ. Ол "Ленин" орденімен, "Еңбек Қызыл Ту" және екінші дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" орденімен марапатталған.

 

 

Пікірлер